"Барыс" Гагарин Кубогінің екінші ойынында "Металлургке" есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Магнитогорск қаласында өткен матч айдын иелерінің пайдасына 6:2 есебімен аяқталды. "Барыс" сапында Якоб Лилья мен Якоб Берглунд ерекшеленсе, қонақтардан Андрей Чибисов, Григорий Дронов, Филипп Майе, Брендан Лайпсик және Джош Карри шайба соқты.
Осылайша екі кездесудің қорытындысы бойынша есеп 1:1 болды.
Қос ұжым арасындағы келесі ойындар елордада наурыз айының 5 мен 7 күндері өтеді.