"Барыс" командасы жаңа бас бапкерін көпшілікке таныстырды

©РИА Новости

"Барыстың" жаңа бас бапкері болып Андрей Скабелка тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Келісімшарт 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалды. 

Еске салайық, осыған дейін елордалық клуб бас бапкер Юрий Михайлисті қызметінен босатқанын хабарлаған еді. 

"Скабелканың соңғы командасы Ярославль қаласының намысын қорғайтын "Локомотив" болды. Андрей Владимирұлы қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. "Барыс" 2018/19 жылғы маусымда Скабелканың қол астында өз тарихындағы ең үздік маусымын өткізді. 

Жалпы бұл маманмен елордалық клуб екі рет Черышев дивизионында жеңіске жетіп, екі мәрте Шығыс конференциясында Гагарин кубогінің жартылай финалына шықты. Енді "Барыс" бас бапкер бұл нәтижелерінен асып түседі деген сенімде. Келесі маусымда команда көбірек жас қазақстандық хоккейшілерге сенім артады", - делінген клуб таратқан ақпаратта. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport