"Барыс" команда капитаны ресейлік клубқа кетеді дегенге қатысты мәлімдеме жасады

©"Барыс" ХК

"Барыс" капитаны Даррен Диц қазандық "Ак Барс" командасына ауысады деген ақпарат тараған болатын. Астаналық клубта Vesti.kz тілшісіне осы мәліметке қатысты пікір білдірді. 

"Барыстың" 28 жастағы жартылай қорғаушы осы маусымда 20 (9+11) балл жинады, пайдалылық көрсеткіші - "-19". ҚХЛ-дегі кейінгі матчте Диц команда сапында болмады, сондықтан, ол басқа клубқа ауысады деген қауесет бірден тарады.

"Даррен Дицтің "Барыспен" келісімшарты бар, ол астаналық клубтың ойыншысы", - деп пікір білдірді клубтың баспасөз қызметі. 

Астаналық клуб капитаны командадағы ең мықты бомбардирлер қатарында және ұлттық құрама сапында да өнер көрсететінін айта кетейік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport