"Барыс" клубы "Авангард" хоккейшісіне қатысты бір шешімге келді

Сурет: "Барыс" ХК

"Барыс" хоккей клубы ресейлік қорғаушы Максим Минеевпен арадағы келісімшарт тоқтағанын ресми мәлімдеді. 

Сынақ келісімшарты екі тараптың мақұлдауымен үзілді. "Барыс" сапында Минеев Қазақстан президенті кубогі аясында бір ғана матчке қатысты. 

24 жастағы ойыншы бұрын "Авангард", "Северсталь", мәскеуік "Динамо" және "Торпедо" сапында өнер көрсеткен.

Өткен маусымды Минеев "Сочи" сапында бастап, 17 матчте нәтижелілік көрсеткіші бойынша екі (1+1) балл жинаған. Ал маусымның екінші бөлігін "Ижсталь" құрамында өткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: