"Барыс" ҚХЛ маусымы алдында алғаш рет жеңіске жетті

©Барыс ХК

"Барыс" клубы Президент кубогінің екінші турында "Нефтехимик" хоккейшілерін ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Елорда төріндегі матчта айдын иелері 3:0 есебін тіркеді. 27-минутта Михаил Рахманов есеп ашса, 50-минутта Линден Вей командасының екінші шайбасын салды. Ал араға екі минут салып Дінмұхамед Қайыржан ойындағы басымдықты пайдаланып есепті 3:0-ге дейін жеткізді.

Осылайша, "Барыс" ҚХЛ маусымы алдында бірінші рет жеңіске жетіп отыр.

Еске салайық, осыған дейін дәстүрлі Президент кубогінде еліміздің маңдай алды клубы "Автомобилистке" овертаймда (3:4) ұтылған еді. 18 тамызда турнирге қатысушылар демалады. Ал шешуші ойын осы аптаның жұма күніне белгіленген. Андрей Скабелка шәкірттері "Металлургпен" кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport