"Барыс" ҚХЛ матчында қарсыласын ірі есеппен жеңді

©"Барыс" ХК

Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық "Барыс" сырт алаңда челябілік "Трактормен" ойнады, деп жазады Vesti.kz.

Матч алдында қазақстандық клуб Шығыс конференциясының оныншы орнында, ал ресейлік клуб сәйкесінше сегізінші орында еді. Командалардың арасындағы айырмашылық екі ұпай ғана болатын.

Алаң иелері фаворит саналғанымен қазақстандық ұжым 4:1 есебімен ұтып кетті.

2 желтоқсанда "Барыс" өз алаңында "Автомобилистті" қабылдайды.

"Трактор" (Челябинск, Ресей) —"Барыс" (Астана, Қазақстан) 1:4 (0:1, 1:2, 0:1)

Шайбы соққандар:
0:1 — 03:39 Рахманов (Гурков)
0:2 — 21:48 Бекетаев (Савицкий)
0:3 — 23:54 Грант (Бекетаев, Шайхмедденов)
1:3 — 28:07 Горюнов-Рольгизер
1:4 — 52:45 Михайлис (Луис, Грант)

Қақпашылар: Мыльников — Гудачек

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: