"Барыс" ҚХЛ көшбасшысынан ұтылып қалды

©"Автомобилист" ХК

Елордалық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында Екатеринбург қаласында "Автомобилист" командасынан ұтылып қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу 2:0 есебімен мұзайдын қожайындарының пайдасына аяқталды. Бірінші кезеңінің жетінші минутында Ник Эберт шайба соғып, есепті ашты. Ал 36-минутта Брукс Мэйсек матчқа нүкте қойды. 

Осылайша, "Барыс" биылғы маусымда бесінші ойынында қарсылас қақпасына шайба соға алмады. Ал "Автомобилист" бірінші мәрте қақпасын "бүтін" сақтады. Бұл ресейлік команда үшін қатарынан төртінші жеңіс болып тіркелді. 

Енді "Барыс" 16 қараша күні Астана қаласында "Амурға" қарсы кездесу өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport