"Барыс" ҚХЛ командаларына қарсы. Қазақстан президенті кубогы матчтерінің кестесі жарияланды

Сурет: "Барыс" ХК

2021 жылдың тамызында "Барыс Аренада" Қазақстан Республикасы президенті кубогы кезекті рет ойнатылады, алайда, биыл оған тек үш команда қатысады. 

"Барыстан" бөлек Нұр-Сұлтанда өтетін жарыста ригалық "Динамо" және бейжіңдік "Куньлунь Ред Стар" ойнайды. Командалар екі айналымды турнир өткізеді.

"Матчтерге көреремен кіргізу мәслесі әлі шешілген жоқ. Ресми ақпарат шыққанда міндетті түрде жанкүйрелерді құлақтандырамыз", - делінген клуб хабарламасында. 

Матчтердің кестесі:

11 тамыз (сәрсенбі)
19:30 "Барыс" - "Динамо" Рига

12 тамыз (бейсенбі)
19:30 "Динамо" Рига - "Куньлунь"

13 тамыз (жұма)
19:30 "Куньлунь" - "Барыс"

14 тамыз (сенбі)
17:30 "Динамо" Рига - "Барыс"

15 тамыз (жексенбі)
13:00 "Куньлунь" - "Динамо" Рига

16 тамыз (дүйсенбі)
13:00 "Барыс" - "Куньлунь".