"Барыс" ҚХЛ-дің плей-офф аумағынан шығып қалды

©"Барыс" ХК

Қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-офф аумағынан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл "Нефтехимик" сырт мұзайдында "Куньлунь Ред Старды" 4:2 есебімен ұтқаннан кейін болды. Нижнекамск клубы осы жеңіс арқасында 19 ұпай жинап, Шығыс конференциясында жетінші орынға көтерілді. Ал "Барыс" (10) тоғызыншы орынға сырғып кетті.

Мұнымен қоса астаналықтар сапы барған сайын сиреп келеді, енді команда жарақат алған канадалық шабуылшы Коди Куникті алдағы матчтерге қоса алмайды. 

Мұның алдында Әлихан Әсетов, Алексей Зубков және Мэттью Фрэттин "Барыстың" алдағы кездесулеріне қатыса алмайтыны хабарланған еді. Үш хоккейшіден де коронавирус анықталып, олар жарақат алған ойыншылардың қатарына қосылды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар