"Барыс" ҚХЛ дивизионында бірінші орында

© "Барыс". ХК
Қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының чемпионатында уфалық "Салават Юлаев" клубын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Уфа қаласында өтті. Ойын 2:1 есебімен Андрей Скабелканың пайдасына шешілді. "Барыс" ойынның 12-ші минутында алға шықты, команда капитаны Даррен Диц қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді. Алаң иелері 35-ші минутта жауап қайтарды. 

Үшінші кезеңде (45-ші миунтта) "Барыс" сапындағы Кертис Волк қазақстандық командаға жеңіс алып келді. 

Осылайша, "Барыс қатарынан үш ойынды жеңіп, 14 кездесудің нәтижесінде 20 ұпаймен Чернышев дивизионында көш бастады. Олар 19 ұпай жинаған Омск қаласының "Авангард" командасын басып озды.