"Барыс" ҚХЛ-де мәскеулік "Динамо" командасынан ойсырай ұтылды

2 желтоқсан 2021 22:03
©"Барыс" ХК

Елордалық "Барыс" хоккей командасы Құрлықтық хоккей лигасында мәскеулік "Динамо" командасынан жеңіліс тапты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл ойын бүгін, 2-желтоқсан күні Нұр-Сұлтанда өтіп, 2:4 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. 

Кездесудің сегізінші минутында "Динамо" командасы 0:3 есебімен жеңіп тұрды. Мәскеулік команда алғашқы шайбасын 19-секундта соқты. 

Осы сәттен кейін "Барыстың" бас бапкері қақпашыны алмастырды. Ойынды бастаған Йони Ортионың орнына Никита  Бояркин шықты. 

Екінші кезеңнің соңында құрамға қайта оралған капитан Даррен Диц және Томаш Юрчоның пасынан кейін Коди Куник "Барыстың" бірінші шайбасын соқты. 

Алайда үшінші кезеңнің басында "Барыс" төртінші шайбаны жіберіп алды. Соңғы кезеңнің ортасында Никита Михайлистің пасынан кейін Кертис Волк біздің команданың екінші шайбасын соқты. Осылайша, матч та мәресіне жетті. 

Енді қазақстандық команда келесі екі кездесуін сыртта өткізеді. 4 желтоқсан күні "Нефтехимикпен" кездессе, 6 желтоқсан "Ак Барспен" ойнайды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: