"Барыс" ҚХЛ-де жаңа ережелермен ойнайтын болды

Сурет: "Барыс" ХК
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) директорлар кеңесі шілдеде қазіргі регламентке өзгеріс енгізуді дауысқа салады. Бұл туралы РИА Носвости порталына ұйымның баспасөз қызметінен хабарлады. 

Дегенмен нақты қандай өзгеірс болатыны әзірге айтылмай отыр. 

"Жыл сайынғы регламентке өзгеріс енгізу аясында 25 мамырда ҚХЛ басышлығы 2020/21 маусым регламентіне өзгерістерді мақұлдады. Оларды лига шілдеде директорлар кеңесіне бекітуге ұсынады. Бұл өзгерістер хоккейшілер еңбекақысының шегіне қатысты емес", - делінген хабарламада. 

Биыл ҚХЛ-де 24 клуб өнер көресетеді, олардың қатарында қазақстандық "Барыс" та бар.