"Барыс" ҚХЛ-де екінші матч қатарынан ұтылды

©"Барыс" ХК

"Барыс" ҚХЛ матчінде "Локомотивтен" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Нұр-Сұлтандағы кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Мұзайдын қонақтары сапында Артем Анисимов, Максим Шалунов, Денис Алексеев пен Павел Кудрявцев гол соқты. "Барыста" жалғыз шайбаны Якоб Лилья салды. 

Екінші ойын қатарынан ұтылған "Барыс" 18 ұпаймен Шығыс конференциясында жетінші болып қалды. "Батыста" алтыншы тұрған "Локомотив" 24 балл жинады.

24 қазан "Барыс" өз мұзайдынында "Северсталь" командасымен ойнайды. Басталуы 17:00.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport