"Барыс" КХЛ-дағы ең қымбат хоккейшіні сатқанын хабарлады

17 желтоқсан 2021 19:23
©"Барыс" ХК

Мәскеулік ЦСКА мен "Барыс" командасы ойыншы алмасты, деп хабарлайды елордалық команданың ресми сайты. 

Мәскеулік команданың сапына қорғаушы Даррен Диц ауысты. Ал "Барыс" болса хоккейші үшін қаржы алады. 

Елордалық команда сапында қорғаушы бес маусым өткізіп, Құрлықтық хоккей лигасында 269 ойынға қатысып, 174 (67+107) ұпай жинаған. 

Еске салайық, Диц - Құрлықтың хоккей лигасында ең жоғары жалақы алатын ойыншы. Оның жалақысы 600 миллион теңге. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: