"Барыс" клубы құрлықтық хоккей лигасы аясында "Адмиралдан" ұтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Елордадағы матчта айдын иелері 1:4 есебімен ойсырай ұтылды.
Қазақстандық команда 26-минутта Егор Петуховтың көмегімен есепте алға шыққан.
Алайда Николай Елисеев (29, 35, 49-минут) хет-трик жасаса, кездесудің аяқталуына 5 секунд қалғанда Александр Горшков бір шайба салды.
Енді еліміздің маңдай алды клубы келесі кездесуін "Барыс Аренада" "Витязьге" қарсы өткізеді. Бұл ойын 8 қараша күніне жоспарланған.