Хоккей
28 қаңтар 10:25

"Барыс" ҚХЛ аясында өз айдынында "Адмиралмен" ойнайды

©"Барыс" ХК

Бүгін, 28 қаңтарда астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) тұрақты чемпионаты аясында өз мұз айдынында владивостоктық "Адмиралмен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Барыс" - "Адмирал" матчын қайдан және қашан көруге болады?

Астанада өтетін кездесу жергілікті уақытпен 19:00-де басталады. Ойынның тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді. Сонымен қатар, матчты арнаның ресми сайтынан да көруге болады - эфир 18:50-де басталады.

"Барыстың" КХЛ-дегі қазіргі жағдайы

Шығыс конференциясының турнир кестесінде "Барыс" 51 матчтан кейін 39 ұпаймен 10-орында тұр. Қазақстандық клубты плей-офф аймағынан сегіз ұпай бөліп тұр.

Соңғы ойындарын астаналықтар сырт алаңда өткізді, алайда бұл сапар команда үшін сәтсіз аяқталды. Алдымен "Барыс" тольяттилік "Лададан" 0:2 есебімен жеңілді, кейін ЦСКА-ға минимал есеппен (0:1) жол берді. Ал серияның соңғы матчында "Нефтехимиктен" 2:3 есебімен ұтылды.

"Адмиралдың" КХЛ-дегі соңғы матчтары

"Адмирал" да маусымның қиын кезеңін бастан өткеріп жатыр. Қиыр Шығыс клубы 48 матчта 34 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 11-орында орналасқан. Плей-оффтың алғашқы сегіздігіне дейінгі арақашықтық - 15 ұпай.

Бір апта бұрын команда өз алаңында "Ақ Барстан" екі рет ұтылды (2:5 және 1:4), содан кейін қонақтағы серияны сәтсіз бастады. Олег Браташтың шәкірттері алдымен "Тракторға" 1:3 есебімен есе жіберсе, келесі ойында "Авангардтан" 2:5 есебімен тағы ұтылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport