"Барыс" кезекті рет жеңіліс тапты

©"Барыс" ХК

Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық "Барыс" өз алаңында мәскеулік "Спартакпен" ойнады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Андрей Скабелка келесі құрамды алаңға шығарды: Гудачек (Бояркин) - Бекетаев-Грэм, Савицкий-Вей-Михайлис; Грант-Ногье, Бракко-Шайхмедденов-Петухов; Мищенко-Данияр, Қайыржан-Гурков-Шестаков; Гайтамиров-Григорьев, Әсетов-Сағадеев-Рахманов.

Мәскеулік команда 4:1 есебімен жеңіп кетті. Елордалық команданың жалғыз шайбысын Никита Михайлис соқты. 

28 қарашада "Барыс" сырт алаңда Екатеринбургтің "Автомобилистімен" ойнайды.

"Барыс" (Астана, Қазақстан) - "Спартак" (Мәскеу, Ресей) 1:4 (1:1, 0:2, 0:1)

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport