"Барыс" қазақстандық қорғаушыны сапына алды

©shaiba.kz

"Барыс" Еміл Нұрғалиевті сапына қосты, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 жастағы қорғаушымен келісімшарт бір жылға жасалды.

Ойыншы "Барысқа" биыл қосылды да, бастапқыда бақылаудан өту үшін қысқа мерзімді келісімшартқа отырған. Ол жастар лагеріне қатысып, негізгі командамен оқу-жаттығу жиныдарында болды және Президент кубогінде бір матчте ойнады. 

Нұрғалиев бұрын "Теміртау" мен "Сарыарқа" командаларында өнер көрсеткен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport