"Барыс" қазақстандық хоккейшіге қатысты нақты шешім шығарды

22 желтоқсан 2022 19:55
©hcbarys.kz

Хоккейден Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Роман Савченко "Барыстың" жүйесіне кіретін "Номад" командасынан кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. 

Хоккейшімен келісімшарт екі жақты бітім бойынша бұзылды. 

Биыл Савченко Қазақстан чемпионатында 25 кездесуге қатысып, 9 (3+6) ұпай жинады. 

Еске салайық, 34 жастағы Савченко Өскемен хоккейінің тәлімгері. Ол бірнеше жыл бойы Қазақстан құрамасы мен "Барыс" сапында өнер көрсетті. Сонымен қатар, ол өз карьерасында "Сибирь", "Локомотив" командаларының намысын қорғады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: