"Барыс" Қазақстан құрамасының шабуылшысымен келісімшарт жасады

Сурет "Барыс" сайтынан алынды.

Елордалық "Барыс" хоккей командасы шабуылшы Дмитрий Гурковпен келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. 

Екі жақты келісімшарт 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған. 

Гурков "Барыс" сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда ол Құрлықтық хоккей лигасында 32 кездесуге қатысып, бес (1+4) ұпай жинады. 

Сондай-ақ ол "Номад" сапында Қазақстан біріншілігінде 15 кездесуге қатысып, бес нәтижелі пас берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: