Елордалық "Барыс" хоккей командасы Әлихан Әсетовпен келісімшартты ұзартты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы осыған дейін клуб ұсынған келісімшартты қабылдады. Жаңа келісімшарт 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалды.
Айта кетейік, Әсетов "Барыстың" жүйесінде 2013 жылдан бері жүр. Өткен маусымда ол ҚХЛ-да 37 кездесу өткізіп, 9 (4+5) ұпай жинады. Ал Қазақстан чемпионатында ол 12 ойынға қатысып, 6 (2+4) ұпай еншіледі.