Елордалық "Барыс" хоккей командасы Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Валерий Ореховпен келісімшарт жасағанын хабарлады.
Екі жақты келісімшарт бір жылға, яғни, 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған.
"Барыс" командасының тәлімгері өткен маусымда Құрлықтық хоккей лигасында өз карьерасындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Ол 33 ойынға қатысып 11 (2+9) ұпай жинады.
Еске салайық, бұған дейін финляндиялық ХПК клубы Ореховтың ауысқанын хабарлаған еді. Бірақ кейіннен хоккейшінің агенті Игорь Парашкин Орехов карьерасын "Барыста" жалғастыратынын мәлімдеді.