Хоккей
16 маусым 2021 19:07
 

"Барыс" Қазақстан құрамасының екі қақпашысына қызығушылық танытуда. Екеуі де ӘЧ-2021 қатысушысы

  Пікірлер

blog.share

"Барыс" Қазақстан құрамасының екі қақпашысына қызығушылық танытуда. Екеуі де ӘЧ-2021 қатысушысы Сурет: Ольга Бугаева. КФХ©

"Барыс" командасы Қазақстан құрамасының қақпашысы Андрей Шутовты өз қатарына қосу туралы "Торпедо" клубымен келісімге келді, деп хабарлайды Шайба.kz.

blog.share

"Барыс" командасы Қазақстан құрамасының қақпашысы Андрей Шутовты өз қатарына қосу туралы "Торпедо" клубымен келісімге келді, деп хабарлайды Шайба.kz.

Өткен маусымда 23 жастағы қақпашы ел біріншілігінде 22 матч ойнады. Сондай-ақ, оның қоржынында төрт плей-офф ойыны бар. Ригада өткен әлем чемпионатында ол Қазақстан құрамасының Канадаға қарсы ойынында ел намысын қорғады. 

Сонымен қатар, "Барыс" Қазақстан құрамасының тағы бір қақпашысы Никитя Бояркинге де қызығушылық танытып отыр. Қазіргі уақытта ойыншының 2023 жылға дейін қарағандылық "Сарыарқа" командасымен келісімшарты бар. 

Ригада өткен әлем чемпионатында 22 жастағы қарағандылық клуб тәрбиеленушісі алты ойын өткізді. Ал өткен маусымда ол "Сарыарқа" құрамында ел чемпионы атанды. 

Жарнама

Живи спортом!