"Барыс" Қазақстан халқын мерекемен құттықтады

©hcbarys

Бүгін, 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Осы орайда "Барыс" хоккей клубы ресми сайтында барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

"1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жылдан жылға "Барыс" хоккей клубына әр түрлі халық өкілдері ойнап, әр түрлі халық өкілдері бізге қолдау көрсетуде. Еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!, - делінген клубтың сайтында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport