"Барыс" қатарынан үш ойында жеңіске жетті

©Барыс ХК

"Барыс" хоккейшілері ҚХЛ-ғы кезекті ойынын жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл жолы Андрей Скабелка шәкірттері Нижний Новгородтың "Торпедосын" 4:1 есебімен ұтты.

"Барыс Аренада" айдын иелерінен Кирилл Савицкий, Әлихан Әсетов, Линден Вей мен Антон Сагадеевтер гол салды. Ал қонақтардан Игорь Ларионов қана көзге түсті.

Осылайша, елордалықтар құрлықтық хоккей лигасында қатарынан үшінші рет жеңіске жетіп отыр. Осының алдында "Адмиралды" 3:1 және "Амур" командасын 5:1 есебімен ұтқан еді.

Енді "Барыс" келесі кездесуін 21 қазанда өз айыдынында Магнитогорскінің "Металлургіне" қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport