"Барыс" қатарынан екінші ойында ұтылды
Елордалық "Барыс" хоккей командасы Құрлықтық хоккей лигасында өз айдынында "Витязь" командасынан ұтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Елордалық "Барыс" хоккей командасы Құрлықтық хоккей лигасында өз айдынында "Витязь" командасынан ұтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Астана қаласында өткен ойын 3:2 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
Ойынның бірінші кезеңінің 8-минутында Владислас Кара ресейлік команданы алға шығарды. Содан соң үшінші кезеңнің басында, 41-минутта Кара екінші шайбаны соқты.
Кейін 43-минутта Аркадий Шестаков бір шайбамен жауап берген еді. Бірақ 48-минутта Александр Яремчук "Витязь" командасының үшінші шайбасын соғып кетті.
Матчтың 55-минутында Дінмұхамед Қайыржан соңғы шайбаны өз еншісіне жазды. Осылайша ойын 2:3 есебімен аяқталды.
Бұл "Барыс" командасының Астанадағы қатарынан екінші жеңілісі. Бұған дейін елордалық команда 3 қараша күні "Адмиралдан" 1:4 есебімен ұтылған болатын.
Енді келесі кездесуін қазақстандық команда сырт айдында "Металлургке" қарсы өткізеді.
Жарнама