"Барыс" қатарынан екінші матчті ұтты

©"Барыс" ХК

Астаналық "Барыс" хоккей командасы ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы матчте мәскеулік "Динамоны" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Астанада өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Әділ Бектаев екінші минутта есеп ашты, ал сегізінші минутта Джордан Уил есепті теңестірді. Тағы екі минуттан соң Райли Барбер астаналықтарды есепте қайта алға шығарды. 

Қонақтар есепті тек екінші таймда қайта теңестірді. 36-минутта Никита Гусев гол салды.

Овертаймда есеп өзгермеді, ал булиттер сериясында астаналықтардың жолы болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport