"Барыс" капитаны ҚХЛ аптасының ең мықты қорғаушысы атанды

20 қыркүйек 2021 17:21
©"Барыс" ХК

"Барыс" капитаны Даррен Диц Құрлықтық хоккей лигасы үшінші ойын аптасының үздік қорғаушысы атанды, бұл туралы ұйымның сайтында хабараланған

Мұндай шешімді үздік хоккейшілерді анықтайтын комиссия ойыншылардың матчтердегі статистикасына сүйеніп шығарды.

Диц үш матчте 3 (2+1) ұпай жинаған. Ол ешбір ойынды кері көрсеткішпен аяқтамаған, бес күш әдісін жасап, бес соққының бетін қайтарған. ЦСКА-мен ойында ол дубль жасап, ол голдың бірі қазақстандық команда үшін жеңісті болды.

Еске салайық, "Барыс" келесі кездесуін 21 қыркүйек Қазақстан астанасында ЦСКА-ға қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: