"Барыс" капитаны Даррен Диц Құрлықтық хоккей лигасы үшінші ойын аптасының үздік қорғаушысы атанды, бұл туралы ұйымның сайтында хабараланған
Мұндай шешімді үздік хоккейшілерді анықтайтын комиссия ойыншылардың матчтердегі статистикасына сүйеніп шығарды.
Диц үш матчте 3 (2+1) ұпай жинаған. Ол ешбір ойынды кері көрсеткішпен аяқтамаған, бес күш әдісін жасап, бес соққының бетін қайтарған. ЦСКА-мен ойында ол дубль жасап, ол голдың бірі қазақстандық команда үшін жеңісті болды.
Еске салайық, "Барыс" келесі кездесуін 21 қыркүйек Қазақстан астанасында ЦСКА-ға қарсы өткізеді.