"Барыс" капитаны Жұлдыздар матчіне қатысады

©Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасы жұлдыздар матчіне қатысатын құрамды жариялады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Жұлдыздар матчінде "Барыс" капитаны Линден Вей қатысатын болды. Вей өткен маусымда өткізген 23 кездесуде 17 (11+6) ұпай еншілеген. Сонымен қатар, елордалық ойыншы ҚХЛ-дың үздік сұрмергендерінің қатарына жатады.

Айта кетейік, Линден Вей спорттық карьерасында Жұлдыздар матчіне екінші рет қатысқалы отыр. Ол осыған дейін 2018 жылы "Барыстың" атынан шыққан еді.

Жұлдыздар матчі 10, 11 желтоқсан күндері Челябинскіде өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport