"Барыс" канадалық қорғаушыны қатарына қосты

©hcbarys.kz

Канадалық қорғаушы Алекс Грант "Барыс" сапына ауысты. Бұл туралы елордалық команданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Осыған дейін Грант ресейлік СКА командасы хоккейшілерінің қатарынан шығарылған болатын. Петерборлық команда сапында ол биыл 16 кездесуге қатысып, алты ұпай (1+5) жинады. 

Сонымен қатар, ол ҚХЛ-де 2018 және 2022 жылдары "Йокерит" намысын қорғаған. 

Грант өткен жылы Канада құрамасымен Олимпиадаға қатысты. 

Енді қорғаушы "Барыс" сапында 51 нөмірмен өнер көрсетеді. Келісімшарт болса 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport