"Барыс" канадалық қорғаушымен қош айтысты

Илайджа Вилио. Сурет: "Барыс" ХК ©

"Барыс" хоккей клубы қорғаушы Илайджа Вилиомен қош айтысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Астаналық клуб ойыншымен осы жылы шілдеде уақытша келісімшартқа отырып, 24 жастағы канадалық хоккейшіні сынап көруге Қазақстанға алдырған еді. Келісімшарт бойынша клуб тамыздың соңына дейін Вилионы бағалап, тұрақты түрде жұмыс жасауы немесе серіктестікті тоқтатуы тиіс болатын.

"Барыс" ресми мәлімдемеде: "Келісімшарт екі жақтың келісімімен тоқтатылды", - дейді.

Қоса кетейік, өзін Даррен Дицтің жанкүйері санайтын Вилио мансабын 2015 бастап, өз Отанында төменгі лигаларда ғана ойнаған. Ол өнер көрсеткен клубтар сапында "Олдергров Кодиакс", "Саррей Иглз" және "Университет Тринити Вестерн" бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: