"Барыс" канадалық қорғаушымен келісімшарт жасасты

Сурет "Барыс" сайтынан алынды.

Елордалық "Барыс" командасы канадалық қорғаушы Илайдж Вилиомен келісімшарт жасағаны туралы ресми түрде хабарлады. 

Келісімшарт 2021 жылдың 31 тамызына дейін жасалған. 

Айта кетейік, "Барыс" командасы жаңа маусымға дайындықты 22-шілдеде бастайды. Ал Құрлықтық хоккей лигасы 1-қыркүйекте басталады деп жоспарланған. 

Метки: