"Барыс" қақпашысы құрлықтық хоккей лигасы аясында "Адмиралмен" өткен ойыннан кейін маскотпен төбелесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Словакиялық Юлиус Гудачек жеңісті матчтан кейін маскотпен жекпе-жекке шықты. Елордалық клубта мұны "Гудачек шоуы" дейді. Қақпашы "Барыс" сапына биылғы маусымда ауысты.
Еске салайық, Андрей Скабелка жаттықтыратын қазақстандық команда өз айдынында Владивостоктың "Адмиралын" 3:1 есебімен ұтты. Осы жеңісінің арқасында "Барыс" Шығыс конференциясында 4-орынға көтерілді.