Хоккей
3 ақпан 2020 12:10

"Барыс" жүйесіндегі хоккейші 18 жасында сүйек обырынан көз жұмды

© "Барыс" ХК
Хоккейден Қазақстан құрамасы мен "Қар Барыстары" командасының қақпашысы Вилен Прокофьев қатерлі ісіктен көз жұмды, - деп хабарлайды "Барыстың" баспасөз қызметі. 

"Төрт ай Юинг Саркомасымен (сүйек обыры) күрестен кейін "Қар Барыстарының" жас қақпашысы 3 ақпанда дүниеден өткенін қайғыра хабарлаймыз. Вилен 18 жстаға ғана еді...

Виленнің туыстары, жақындары, достары мен таныстарына көңіл білдіреміз. 

Оған қолдау білдіргендердің бәрін алғыс айтамыз. 

Топыраңыз торқа болсын, Вилен.

Қайғыдамыз", - делінген "Барыс" хабарламасында.

Прокофьев Сәтбаев қаласында дүниеге келіп, жергілікті "Қазақмыста" жаттықты. 2013 жылы "Барыс" жүйесіне келді. "Қар Барыстары" сапында Прокофьев 2017/18 маусымында ойнай бастады.