"Барыс" Жәйлауовты "Салават Юлаев" және "Сибирьмен" ойынға алды

© "Барыс" ХК
"Барыстың" бапкер штабы ҚХЛ тұрақты чемпионатының қарсылас алаңындағы кезекті ойнына баратын ойыншылар тізімін жариялады.

Бұл сапарда "Барыс" екі матч өткізеді - Уфа мен Новосибирскте. 9 қазанда Андрей Скабелка жаттықтыратын команда "Салават Юлаевпен", ал екі күн өте "Сидирьмен" ойнайды. 

Команда сапына кірген ойыншылар:
қақпашылар: Хенрик Карлссон, Эдди Паскуале, Кирилл Стрия;
қорғаушылар: Джесси Блэкер, Самат Данияр, Даррен Диц, Никита Клещенко, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Максим Семенов, Егор Шалапов;
шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Павел Акользин, Кертис Волк, Талғат Жәйлауов, Никита Михайлис, Максим Мусоров, Корбэн Найт, Ииро Пакаринен, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Эрик Тангрэйди, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков.

Ойындар QazSport, ҚХЛ-ТВ және ҚХЛ-ТВ HD арналарынан көрестіледі.