"Барыс" жаңа қақпашы алады

hcbarys.kz

"Барыс" президенті Борис Иванищев елордалық клубқа қақпашы алатынын мәлімдеді, деп жазады Шайба.кз.

Өткен жылы финляндиялық Йони Ортио команданың бірінші нөмірі болған.

"Басқа шетелдік ойыншыларды алмаймыз. Енді тек қақпашының позициясы қалды. Қазіргі таңда жақсы голкиперді іздестіріп жатырмыз. Себебі маусымда 68 матч бар. Біреуі жарақат алса қиын болады. Оның үстіне ондай жағдай бастан өткен. Бір жағынан қақпашы көп болса араларында бәсекелестік болады. Шеберліктері артады. Командадағы қақпа бағанасын күзететіндердің барлығы өзіміздің түлектер. "Снежные Барсыдан" келгендері бар.Никита Бояркин жарақатынан енді айығып жатыр. Ал Андрей Шутов бабында", - дейді Иванищев.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport