Елордалық "Барыс" құрлықтық хоккей лигасында Риганың "Динамосынан" басым түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Осылайша, Юрий Михайлис командасы 2022 жылды жеңіспен бастап отыр. "Барыс Аренадағы" матч 7:1 есебімен аяқталды.
Бірінші кезеңде Роман Старченко айдын иелерін есепте алға шығарса, 22-минутта Антон Сагадаеев командасының екінші шайбасын салды. Араға 10 минут салып қонақтардан Мартиныш Карсумс есеп айырмасын қысқарта алды.
Дегенмен "Барыстан" Роман Старченко тағы да шайба салды. Артынша Якуб Бершлунд, Никита Михайлис және Роман Савченколар ерекшеленді.
"Батыс" конференциясында 44 ойын өктізген латыш клубы ең соңғы 12-орында тұрса, "Барыс"шығыс конференциясында 45 кездесу өткізіп, 44 ұпаймен 8-орынға жайғасты.
Енді Михайлис ойыншылары құрлықтық хоккей лигасындағы келесі кездесуін қаңтар айының 5 жұлдызы Магнитогорск қаласының "Металлургімен" қарсы өткізеді.