"Барыс" жаңа бапкермен келісімшарт жасағанын хабарлады

24 қыркүйек 2021 16:26
©РИА Новости

Елордалық "Барыс" хоккей командасы бір маусымға Иван Скобревпен келісімшарт жасағанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл маман команданың физикалық дайындығына жауап береді. 

Скобрев конькимен жүгіруден Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері. Сонымен қатар, әлем және Еуропа чемпионы. Соңғы төрт жылда ол мәскеулік "Динамо" командасында жұмыс істеді. 

Айта кетейік, "Барыс" қазір алты ұпай жинап, Шығыс конференциясында сегізінші орында келеді. Елордалық команда келесі кездесуін 25 қыркүйек күні "Сибирь" командасына қарсы өткізеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: