"Барыс" Гагарин Кубогінің алдында "Динамоны" ұтты

©hcbarys

Елордалық "Барыс" Гагарин Кубогінің алдында "Динамомен" өткізген жолдастық ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Матчтың 35-минутында елордалықтар екі шайба соқты. "Барыс" сапында Коди Куник пен Валерий Орехов ерекшеленді. Сонымен қатар, қазақстандық командадан Әлихан Әсетов ерекшеленді. Алайда негізгі уақыттың соңына дейін мәскеулік ұжым үш гол соғып кетті. Нәтижесінде жеңімпаз буллит сериясында анықталып, "Барыс" 4:3 есебімен басым түсті.

Еске салайық, осыған дейін "Барыс" жолдастық матч барысында "Спартак" хоккейшілерін жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport