Құрлықтық хоккей лигасының жүйелі матчында "Ак Барс" өз айдынында "Барыстан" басым түсті. Есеп 5:3.
"Барыс" сапында Якоб Берглунд, Коди Куник және Егор Петуховтар шайба соқса, "Ак Барстан" Артем Лукоянов дубль, Кирилл Панюков, Дмитрий Юдин және Джордан Уэлдер ерекшеленді.
Еске салайық, кездесу барысында "Барыс" үш рет есепте алда тұрып, жеңісті қолдан жіберді.
Шығыс конференциясында 55 ұпай жинаған қазандықтар 3-орында тұрса, 40 ұпайы бар елордалық ұжым турнир кестесінде 8 орынға жайғасты.