Қазақстандық "Барыс" командасының екі хоккейшісі Нижнегородксінің "Торпедо" командасына қарсы кездесуіне қатыса алмауы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Елордалық клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, шабуылшы Дмитрий Гурков әлі жарақат алған ойыншылардың қатарында. Сонымен қатар, алдағы ойынға Майкл Шапю мен Ансар Шайдмедденов алдағы кездесуге қатыса алмайды. Екеуі де "Амурға" қарсы (5:1) кездесуде жарақат алды.
Айта кетейік, "Барыс" пен "Торпедо" командалары арасындағы ойын 17 қазан күні өтеді. Астана уақыты бойынша кездесу 19:30-да басталады.
Биыл бұл командалар бір мәрте кездесті. Нижний Новогордта өткен ойынд 3:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды.
Қазіргі уақытта "Барыс" Шығыс конференциясында 19 кездесуден кейін 21 ұпай жинап, бесінші орында келеді. Ал "Торпедо" 23 ұпай жинап, Батыс конференциясында төртінші орында.