Шабуылшы Дмитрий Гренц елордалық "Барыс" клубының қатарына қосылды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
21 жастағы шабуылшы биылғы маусымның басында өскемендік "Торпедо" клубы сапында жалда ойнаған еді. Биылғы маусымда ол Жоғары хоккей лигасында (ЖХЛ) 23 кездесуге қатысып, жеті ұпай (2+5) жинады.
"Екі жақты келісім бойынша "Торпедо" сапында жалда ойнаған шабуылшы Кори Тривиномен келісімшартты бұздық", - делінген "Барыстың" ресми сайты таратқан ақпаратты.
Жарнама