"Барыс" Даррен Дицке қатысты мәлімдеме жасады
"Барыстың" қорғаушысы Даррен Диц Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "Торпедоға" қарсы кездесуге қатыспайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Барыстың" қорғаушысы Даррен Диц Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "Торпедоға" қарсы кездесуге қатыспайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Сонымен қатар, бұл ойынға Олле Альсинг та қатыспайды. Екі хоккейші де суықтап қалған. Қазір емделіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Диц "Барыстың" капитаны атағынан айырылып, екі ойынға қатыспады. Содан соң қорғаушының КХЛ-дегі басқа командаға ауысуы мүмкін деген ақпарат шықты.
Диц - ҚХЛ-де ең көп айлық алатын хоккейші. Ол жылына 600 миллион теңге алады. Дегенмен биылғы маусымда 29 кездесуге қатысып, 20 (9+11) ұпай ғана жинады.
Жарнама