auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Барыс" бұл маусымда ҚХЛ көшбасшысынан екінші рет ұтылды

Астаналықтардың сұрмергендері шеттелді.

"Барыс" бұл маусымда ҚХЛ көшбасшысынан екінші рет ұтылды
© СКА ХК
Астаналық "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионаты матчінде петерборлық СКА клубынан ұтылып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Астанада өткен ойын 2:3 (1:2, 1:1, 0:0) есебімен аяқталды. 

Есепті астаналық команда ойынның 78-ші секундында ашты. Роман Старченконың қақпадан берген шайбасын Андре Петерссон қарсылас қақпасына дәл бағыттады. 

Алайда петерборлықтар үзіліске дейін есеп айырмашылығын өз пайдасына шешті. Алдымен 11-ші минутта Наиль Якуповтың соққысынан Дастин Бойдтың арқасына тиген шайба кері ұшып "Барыс" қақпасына кірді.

Осыдан біраз уақыт өте астаналықтар үздік мергендерінен айрылды. Есебінде 18 шайба бар Патис Кормье қарсыласын клюшкамен ұрғаны үшін ойын соңына дейін шеттелді. 

Осылайша, 16-шы минутта "5-ке 3" басымдығын пайдаланып, Павел Дацюк бір гол салды.



Екінші кезең басында "Барыс" тағы азшылықта ойнады, Мэттью Фрэттин уақытша шеттелді. Осыны пайдаланған Якупов дубль жасады. 

31-ші минутта Даррен Диц СКА қақпасына бір шайба салды. Алайда шешуші кезеңде есеп өзгермеді де, есеп қонақтар пайдасына 3:2. 





"Барыс" осы маусымда СКА командасынан екінші рет қатар ұтылып отыр. Осы ойыннан кейін "Барыс" 75 ұпаймен Шығыс конференциясында үшінші орында және Чернышев дивизионында екінші орында қалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар