Хоккей
Бүгін 12:08
 

"Барыс" бүгін ҚХЛ-де СКА командасына қарсы ойнайды

  Пікірлер

blog.share

"Барыс" бүгін ҚХЛ-де СКА командасына қарсы ойнайды ©"Барыс" ХК

Бүгін, 27 қарашада астаналық "Барыс" сырт айдында Санкт-Петербургтің СКА клубымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 27 қарашада астаналық "Барыс" сырт айдында Санкт-Петербургтің СКА клубымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы матч Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан және телеарнаның ресми сайтынан көруге болады. Эфир 21:20-да басталады.

Айта кетейік, биылғы маусымда командалар бұған дейін де кездескен. 27 қыркүйекте СКА Астанада "Барысты" 5:3 есебімен жеңген болатын.

Қазақстандық клуб 30 матчта 31 ұпай жинап, Шығыс конференциясында тоғызыншы орында тұр. Ал СКА 29 ойында 30 ұпай еншілеп, Батыс конференциясында тоғызыншы сатыда келеді.

Бұл ойын "Барыс" үшін қатарынан өтетін үш матчтық сырт алаңдағы серияның басы болмақ. Одан кейін астаналық клуб 29 қарашада Төменгі Камада "Нефтехимикпен", ал 1 желтоқсанда Екатеринбургте "Автомобилистпен" кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!