Хоккей
29 сәуір 2021 18:22

"Барыс" бірнеше ойыншысымен келісімшарт мезгілін ұзартты

Самат Данияр. Фото: "Барыс" ХК

"Барыс" хоккей клубы Алихан Әсетов, Самат Данияр, Егор Петухов және Захар Пархоменкомен келісімшарт мерзімін ұзартты деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Астаналық клуб шабуылшылары Петухов, Пархоменко және Әсетовтың келісімшарттары бір жылға ұзартылса, қорғаушы Самат Данияр 2024 жылдың сәуіріне дейін клуб құрамында өнер көрсетуге келісімге қол қойды. 

Келісімшартты ұзарту туралы 21 жастағы ойыншы Самат Данияр: "Жаңа ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойғаныма өте қуаныштымын! Мен үшін бұл әрі қарай өсуге, өз бетімше жұмыс істеуге ынталандырады. Өзімнің ең жақсы ойынымды көрсетуге және негізгі құрамда тұрақтауға тырысамын" - дейді.