"Барыс" бес матчтан кейін қайта жеңіске жетті

©©Барыс ХК

"Барыс" құрлықтық хоккей лигасы аясында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Астаналықтар өз айдынында "Сибирьді" 2:1 есебімен ұтты. 9-минутта Аркадий Шестаков есеп ашты. Екінші кезеңде қонақтардан Вячеслав Основин көзге түсіп таразы басын теңестірді. Ал 58-минутта Линден Вей есепті еселеп, кездесудің аяқталуына 21 секунд қалғанда бос қақпаға гол салды.

Еске салайық, осыған дейін "Барыс" қатарынан 5 матчта жеңілістің кермек дәмін татып келген еді. Голдар көрсеткіші – 6:24.

Елордалықтар енді келесі кездесуін 3 қараша күні өз айдынында "Адмиралға" қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport