"Барыс" Батыс конференциясының көшбасшысынан ойсырай ұтылды

©"Барыс" ХК

"Барыс" хоккей командасы Құрлықтық хоккей лигасында өз мұзайдынында ірі есеппен ұтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бүгін, 3 қараша күні қазақстандық команда Нұр-Сұлтанда Құрлықтық хоккей лигасы Батыс конференциясының көшбасшысы финляндиялық "Йокерит" командасын қабылдады. Ойын 1:4 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. 

Ойындағы есепті бірінші кезеңнің соңында Калле Коссила ашты. Содан соң Никлас Енсен есепті еселесе, 29-минутта бұл хоккейші дубль авторы атанды. 

"Барыс" сапында бұл ойында Никита Михайлис көзге түсті. Ол 43-минутта шайба соқты. Бірақ соңғы секундтарда Макро Анттила "Йокерит" командасының төртінші шайбасын соғып кетті. 

Бұл ойынның толық статистикасын мына жерден көре аласыздар. 

Осы жеңілісінен кейін "Барыс" Шығыс конференциясында жетінші орында қалды. Ал "Йокерит" болса Батыс конференциясында екінші орында қалды. 

Енді елордалық команда келесі кездесуін жұма, 5 қараша күні челябілік "Тракторға" қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: