"Барыс" бапкерінің ұлы командада қанша айлық алатыны айтылды

©"Барыс" ХК

"Барыс" пен хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михайлистің табысы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Спорт-Экпресс" мәліметінше, 26 жастағы форвардтың еңбекақысы жылына 25 миллион рубль (145 миллион теңгедей). Мұндай келісімшартпен ол лигадағы айлығы ең жоғары 150 хоккейшілердің қатарына да кірмейді.

Қазіргі таңда Михайлис ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы ең мықты үш бомбардирдің қатарында.

"Никита Михайлис - лигада қарқынды өсіп келе жатқан ойыншылардың бірі, бірақ, мен үшін таңқаларлығы ол жылына 25 миллион рубль ғана алады. Осы маусымда оның келісімшарты аяқталады. Осы кезде оған талас басталады, міне сонда оған елу миллионнан асатын еңбекақы ұсына бастайды. Бірақ Никикта Михайлистің өзі ҰХЛ-ге барғысы келетінін естідім", - деп жазыпты Артур Хайруллин өзінің телеграм арнасында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: